«Орал «Зенит» зауыты» АҚ 1941 жылы Ленинград қаласынан көшірілген «Двигатель» зауытының негізінде құрылған. Соғыс кезінде зауыт арнайы әскери-теңіз қаруын шығарып, жауды жеңуге қосқан зор үлесі үшін Қазақстан кәсіпорындарының ішіндегі жалғыз болып Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен марапатталған.
Орал қаласына келген соң бір айдан кем уақыт ішінде майданға қару-жарақтың бірінші топтамасы аттандырылған болатын. Ерекше кәсіпорын қатаң соғыс жылдарының салттарын жалғастырушысы болды. Соғыс жылдарынан соң және осы уақытқа дейін «Орал «Зенит» зауыты» АҚ алдына қойылған мемлекеттік тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындауда.

Қазіргі уақытта  «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ құрамындағы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ басты мақсаты мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау және арнайы мақсаттағы бәсекелес өнімдерді шығару арқылы еліміздің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылатын қорғаныс- өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының құрылымына кіреді. 

Зауыттың жалпы көлемі - шамамен 21 га.  Өндірістік ауданы - шамамен 74 мың кв.м. қызметкерлер саны- шамамен 1000 адам.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында кәсіпорын катерлер мен кемелерді жасап шығарады,  оларға техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жүргізіп, жаңартады. Осыдан басқа арнайы техниканы өндіріп, жабдықтарды жасау және мұнайгаз және өнеркәсіптің басқа салаларына арналған қызметтерді көрсету, сонымен қоса сұраныстағы азаматтық өнімдерді шығару бойынша тапсырыстарды орындайды.

Кәсіпорында: 9001 сериясының ISO халықаралық стандарты талаптарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйесі, 18001 сериясының BS OHSAS стандартының талаптарына сай келетін денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі енгізілген. Кәсіпорынның Ресей теңіз кеме жүргізу тіркеушісінің кемелерді және кеме жабдықтарын жобалауға, жасауға, жаңартуға және жөндеуге қоятын талаптарына сәйкестігін растайтын куәлігі бар. Зауытта тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақылау жүйесі қолданылады, жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес саясаты бекітілген.

Қосымша:

1. Сапа саласындағы саясаты,
2. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаты,
3. Тәуекелді басқару саясаты,
4. Жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы саясаты.